Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.
Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.
Қытай және Үндістаннан арнайы шақырылған өкілдермен бірге тіркеу жасалып, "Әлемдегі ең үлкен портрет" ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді.
Портретті жасауға елорданың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысқан.
Әрбір үзінді - әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға, – дейді ұйымдастырушылар.