| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Байқоңырда бюджет қаржысын жымқыру фактісі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Байқоңырдағы мектептердің бірінде бас есепші бірнеше қызметкердің атына негізсіз жоғары жалақы аударып отырғаны анықталды. Мұғалімдердің есепшотына түскен артық қаражат кейіннен есепшінің өз жеке картасына қайтарылып отырған.
Осы әрекеттердің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 52 миллион теңге көлемінде шығын келген.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Дайын болған іс сотқа жолданып, үкім шығарылды.
Сот шешімімен бас есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алайда оның кәмелет жасына толмаған балалары бар екені ескеріліп, Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.