| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы тау туризмін дамытуға бағытталған ірі жобалардың жүзеге асу қарқынын күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын іске асыру барысына қатысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді. Ол бұл бастамалардың өңірдің туристік әлеуетін арттыруда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Жоба шеңберінде Шымбұлақ тау курортын жаңғырту, жаңа демалыс орындарын салу, инфрақұрылымды дамыту және заманауи аспалы жолдар жүйесін іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар жұмыстар басталғанымен, Премьер-министр олардың орындалу қарқыны жеткіліксіз екенін айтты.
Осыған байланысты Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алып, барлық туындаған мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Үкімет басшысы аталған жобалар инвестиция тарту мен туризмді дамытуға серпін беретінін ерекше атап өтті.