| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады.
Қаскүнемдер хабарламада “шұғыл, тез әрекет ету керек” деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.
Есте сақтаңыз:
• ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;
• күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;
• жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;
• кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.
Жеке деректеріңіз бен қаржыңызды қорғау – өз қауіпсіздігіңізді қорғау.