Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бейнеуде 40-қа жуық адам дәмханадағы тамақтан уланған
Жаңалықтар

Бейнеуде 40-қа жуық адам дәмханадағы тамақтан уланған

26.02.2024
1 мин
0
516
Фото: mykaleidoscope.ru

2024 жылдың 19 ақпанынан бері Бейнеу ауданының орталық аудандық ауруханасына улану белгілерімен 36 адам жүгініп, оның 28-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Lada.kz жазуынша, зардап шеккен сегіз адам медициналық көмек алғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген. Бұл туралы Қоғамдық байланыс орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

«Науқастарды облыс орталығына жеткізудің қажеті жоқ, өйткені тиісті көрсеткіштер жоқ. Телемедицина арқылы облыстың бас инфекционисінің қатысуымен консультация өтті, емдеу тағайындалды. Бейнеу аудандық көпбейінді ауруханасы қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілді және тағы 20 төсек-орынды қалпына келтіруге дайын. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындайтын дәрігерлердің бақылауына алынды. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Бейнеу ауылында тұрғындар жаппай уланған болатын. Зардап шеккендердің барлығы бір күн бұрын фастфудпен айналысатын «Али-ман» дәмханасында болған. Олардың арасында балалар мен жүкті әйел де бар.

Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл