Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Биг Шанхай" базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен жалға алушыларға арнайы штабта алдағы іс-әрекеттер бойынша кеңес беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада "Биг Шанхай" базарында болған ірі өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Штаб Алаш тас жолы, 30а мекенжайындағы Anuar супермаркетінің үшінші қабатында орналасқан.
- Штаб өрт салдарынан зардап шеккен сауда нүктелерінің жалға алушыларына, кәсіпкерлер мен базар қызметкерлеріне арналған. Мұнда әр адам өзекті ақпарат алып, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар, алдағы әрекеттерін жоспарлауға көмек көрсетіледі, – деп нақтылады әкімдік.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің, әкімдік пен инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, сондай-ақ базар әкімшілігінің өкілдері кезекшілік атқаруда.