| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Білім және ғылым министрлігі магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау 1 маусымда басталатынын айтты.
"Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінішті 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беруге болады. Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша сертификат тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады", - делінген БҒМ Telegram каналында.
Тестілеудің өзі 20 шілдеден 10 тамызға дейін өтеді. Араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандар 16-25 шілдеде жоғары оқу орындарында өтеді.