| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда білімді жастарды қолдау бағытында жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Білімнің жұлдызы» байқауы. Бұл жоба Dauletten қайырымдылық қоры тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді және еліміздегі дарынды студенттерге қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған.
Аталған жоба аясында осы уақытқа дейін 700-ден астам студентке шәкіртақы тағайындалған. Бұл – көптеген студент үшін білім жолын жалғастыруға берілген нақты көмек әрі үлкен мотивация.
«Білімнің жұлдызы» байқауына еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарының ақылы бөлімінде білім алып жатқан студенттер қатыса алады.
Жоба жеңімпаздарына 100 000 теңге көлемінде бірреттік шәкіртақы беріледі. Биыл да жалпы саны 200 студент осы шәкіртақының иегері атанбақ.
Байқауға өтінімдер 13-17 сәуір аралығында қабылданады. Сондықтан қатысуға ниетті студенттер белгіленген мерзімді өткізіп алмауы қажет.
Бұл жоба тек қаржылай көмек қана емес, сонымен қатар студенттердің білімге деген ынтасын арттырып, олардың жетістіктерін дәріптеуге бағытталған. Осындай бастамалар жастардың болашағына сенім ұялатып, қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Толық ақпарат пен өтінім беру шарттарын DAULETTEN.KZ сайтынан біле аласыздар!
Қапы қалма, жас дос! Байқауға қатысып, бағыңды сына. Білімнің жұлдызы атан!