Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бір бие жылына 2 000 долларға дейін кіріс кіргізеді»: кәсіпкер бизнес, серіктестік пен табыс туралы айтты
Менің кәсібім

«Бір бие жылына 2 000 долларға дейін кіріс кіргізеді»: кәсіпкер бизнес, серіктестік пен табыс туралы айтты

02.02.2021
1 мин
63
18382

Айтуған Адамқұлұлы – Қазақ-неміс қымыз ғылыми-зерттеу институтының директоры, кәсіпкер. Ол өмірінің 20 жылын қымызды зерттеуге арнап, бүгінде Германия технологиясымен бие сүтін кептіріп, Корея мен Малайзия кәсіпкерлерімен серіктестік арқылы бие сүтінен 20-ға жуық өнім алып отыр. Елордаға өз жұмыстарымен келген кәсіпкермен сұхбаттасудың сәті түсіп, одан бизнесті бастау, оны жолға қою, шетелдік кәсіпкерлермен серіктестік, компания өнімі мен табысы туралы сұрап білдік.   

- Біздің елдегі кәсіп түрлері көбіне бизнестен гөрі коммерция мен қызмет көрсетуге жақынырақ. Неліктен бизнес ашуға ұмтылу керек және оны неден бастаған дұрыс?

Жалпы, бизнес мемлекетке кіріс кіргізіп, ел экономикасын көтермесе және ғылым дамуына бағыт-бағдар бермесе, ол бизнес емес. Мысалы, біз қаншама ішіп-жемімізді шетелден кіргізіп жатырмыз. Егер біз Қазақстанда бизнес жасап, өнім өндіріп, оны сыртқа сатсақ, байып кететін едік.

Мәселен, пандемия кезінде бәрі жабылып жатқанда, біздің жұмыс жүріп жатты. Неге? Өйткені біз зат шығарып жатырмыз. Біздің затымызға күннен-күнге сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Елдің бәріне қымыз керек болды. Қымызды сұйық күйінде сақтау қиын болғандықтан, біз оны кептірдік және адамдарға жеткіздік. Бұл коммерция емес, бизнес. Себебі оның артында ғылым тұр, яғни қымызды кептіру, қораптау және сату әдістері. Қазір біз оны Ресейге, Қырғызстанға және басқа мемлекеттерге сату мәселесін қарастырып жатырмыз.

Бірақ негізінен бизнес коммерциядан туады. Өйткені бүгін сіз қызмет көрсетесіз, ертең сол қызмет көрсетуге қажет затты өзіңізден шығаруға көңіл бөлесіз. Мысалы, шаш қисаңыз, қайшы, тарақ сияқты заттар керек. Енді оны бизнеске айналдыру үшін жалғыз өзіңізді емес, басқаларды да қамтамасыз етіп, осы заттарды шығаратын кәсіпорын ашуға болады ғой?! Бәлкім сапасы жақсы болса, шетелге шығарасыз. Ал біз күнделікті табысымыз бар деп тәуекелге бармаймыз. Ары қарай ізденбегендіктен, тұтынушы болып қала береміз.

Пандемия шекара жабылып, күнделікті тұтынатын затымыз болмай қалса, жұмысымыздың тоқтайтынын көрсетті. Сондықтан коммерциядан жайлап бизнеске өту керек.

Бизнесті жақсы ұйымдастыратын болсаңыз, барлық нәрсемен өзіңіз айналысудың да қажеті болмайды. Мысалы, менде жылқы жоқ болса, фермерлерде бар. Олар 500 теңгеден өткізе алмаған қымызын мен 600 теңгеден аламын. Сондықтан өз талабымды қоямын. Сол сияқты құрал-жабдық пен оны алатын ақша да болмауы мүмкін. Бірақ біреуде бар. Оған келіп бие сүтін кептіруді үйреттім делік, кептіруді оған тапсырамын. Басқа бір жерде дәріні қораптайтын жер бар, бірақ ондай орын ашуға менде 1 миллион шамасында ақша жоқ. Сондықтан сол қызметті пайдаланам. Бұл – менеджмент. Яғни ғылым.

Енді бизнес ашуды неден бастауға болатынына келейік. Алысқа бармай-ақ, күнде сойып отырған малымыздың терісін өңдеп отырған жоқпыз. Бабаларымыз осыны іске асырды ғой, біз неге асырмаймыз? Ауылдан кетіп, қалаға келсек, бизнесмен болып кетеміз бе? Білім мен ақша болмаса, бизнес аша алмайсың. Ауылдан бастау керек. Мысалы, бірде менен Қытайдан келген бір бала не бизнеспен айналыссам деп ақыл сұрады. Немен айналыстың десем, аяқкиім саттым дейді. Жылына қанша аяқкиім сатасың десем, миллиондай дейді. Миллион аяқкиімнің кемінде 1 000-ына ұлтарақ сатуға бола ма? Болады. 1 ұлтарақ шамамен 1 000 теңге тұрады. Сонда 1 000 ұлтарақ сатсаң, 1 миллион теңге пайда көресің дедім. Ол балаға ауылына барып, қойларды терісін кесіп алмай сойып, илеп, сол теріден ұлтарақ жасауға кеңес бердім. Жасаған ұлтарағын сатып, біржылдық еңбегін алады. Тері өңдеуді түсініп алған соң бизнесін қайысқа, белдікке, сөмкеге дейін дамытуына болады. Сонда бизнес неден басталды? Қарапайым қой союдан. Сол үшін ерінудің керегі жоқ. Мәселен, жылына мыңдаған тонна картоп тұтынамыз, бірақ өз-өзімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Мысалы, 1 гектар жерге картоп сал, күрекпен жұмыс істе. Келесі жылы 2 гектар, одан кейін 10 гектар, 20 гектар ек. Ол да бизнес. Өйткені өз өніміңді өзің сатып жатырсың. Бірінші ауылды қамтамасыз ет, кейіннен ауданды қамтуға болады. Бірақ біз бүгін ешнәрсе істемей, ертең бай болғымыз келеді, олай болуы мүмкін емес.

- Енді өз бизнесіңізге, ашқан жаңалығыңызға тоқталып өтсеңіз. Оны жолға қою үшін қанша уақыт жұмсадыңыз?

Біз қымыздан косметика, сабын, шампунь жасап, қымыз бен саумалды капсулаға салдық. Менің жаңалығым бие сүтін капсулдау. Оған 20 жыл уақытым кетті. Біреуге кептіртіп, біреуге қораптатып, дайын өнімді нарыққа шығарамын. Бірақ қуанатыным, бұл бизнесті осы уақытқа дейін ешкім ашпапты. Ертең осыны басқа біреулер қайталаса, көмектесуге дайынмын. Себебі бүкіл Қазақстанның биесін өзім сауып, кептіре алмаймын. Мысалы, осы жаққа келуімнің себебі Қостанайда бір кісінің мың жылқысы бар екен, маған серіктес болайық дейді. Бірінші келіп, жағдайыңды көрейін дедім. Үйретем, оқытам, көрсетем. Бизнесін ашып, белгілі бір қаражатымды алып, ары қарай кете берем. Мысалы, Қазақстанның бәрі биелерін сауып, сүтін кептірсе, мен Канадаға, Жапонияға кетейін. Бірақ алдымен өнім түрлерін шығарып, Қазақстанды ретке келтіріп алайын.

- Бизнесіңізге байланысты тағы қандай мақсаттарыңыз бар?

Ғылымын жылжытып, бие сүтінің қаншалықты қуатты екенін түсіндіру. Қазір бір жұмыс қорғалды. Президенттік аурухананың бас гастроэнтерологы Бақытжан деген жігіт бауыр циррозын бие сүтімен емдеуге болатынын дәлелдеп шықты, патентін алды. Енді біз олармен бірігіп, қымыздың бүйрек ауруына да ем екенін дәлелдемекпіз. Өйткені біздің 20 жылдық практикада бие сүтімен жазылмаған ауру жоқ. Ендігі мақсат – соны басқа елдің бие сүтімен айналысатын ғалымдарымен өтетін конференцияда ғылыми дәлелдеп шығу. Ол ғалымдар өз елдеріне барып, Шыңғысхан қазақ екен, оның мінген жылқылары Қазақстанда, қымыздан өнімдер өндіреді, бие сүтімен ауруларды емдеп жатыр деуі керек. Сосын бізге шетелдің шекарасы ашық. Өзіміздің қымыздан жасалған өнімдерімізді шетелге өткізсек болады. Міне осылай Қазақстанның бизнесі, шаруашылығы дамиды.

Мен жүрген салада бітпей жатқан шаруа жетеді, ал оны ғылымға айналдырсақ, дүниеге шығуға болады. Мысалға, қазір жылқы терісінің пайдасы қой мен сиыр терісімен салыстырғанда айтарлықтай көп екені дәлелденіп жатыр. Өйткені жылқы 40 градус аязда да, ыстықта да жүргендіктен, жылқы терісінен жасалған өнімдер 40 градус ыстыққа да, суыққа да жарай береді екен. Мәселен, менде Италияның жылқы терісінен жасалған аяқкиімі бар. Киіп жүргеніме 15 жылдай уақыт болды. Жылқы терісінің кереметтігі осында.

Сондай-ақ 2 000 доллар тұратын Шанель сияқты брендтердің қолғаптары мен сөмкелері Италияда өңделгенімен, оны Францияның қазақтары жылқы терісінен тігіп отырғанын біреу білсе, бірі білмейді. Сол әмиян, сөмкелерді жасап жатқан біздің қазақтар. Ал неге сол өнімдерді өзімізде өндіріп сатпасқа?

- Дұрыс айтасыз, аға, сөзіңіздің жаны бар. Енді сіздің бизнесіңізге қайта оралайықшы. Сіз капсулалар мен косметикаңызды шетелдік компаниялармен серіктестік арқылы жасап жатырсыз ба?

Кептіру технологиясы немістікі болғанымен капсулаларды қазақстандық компаниялармен Қазақстанда, ал косметиканы Кореяда жасап жатырмыз. Қазақстанда косметикалық институт жоқ болғандықтан, Кореямен әріптес болдық. Кореяда шыққан косметиканың сатылымы да жақсы болады, себебі бәрі корей косметикасына сенеді. Болашақта Қазақстанда жасамақ ойымыз бар. Себебі косметика құрамына қосылатын шөптердің барлығы Қазақстанда өседі, соны өзімізде өңдеп жасайтын ой бар. Мысалы, осыдан 5 жыл бұрын бие сүтінен балмұздақ, шоколад жасаймын деп айтқан екенмін. Жасалды. Балмұздақ та, шоколад та бар, бірақ жаппай сатылымға шықпады. Себебі технологтар жоқ, цехтар кішкентай деген сияқты мәселелер бар. Болашақта жалпы сатылымға шығады. Қазір сатылымда косметика, капсула, сабын бар және жақында сусабын шығады. Qaz health, яғни Қазақ денсаулығы деген серияда шығады. Бізде анау жоқ, мынау жоқ деп қол қусырып отырмай, бар жерге апарып өнім шығару керек. Мысалы, неге косметиканы Кореяда жасадық, себебі онда бүкіл шикізаттары бар зауыт бар. Мен тек бие сүтін кептіріп, ұнтағын ғана апарып жасап әкелдім. Интернеттен Global Trend Aidai Cosmetics десеңіз шығады. Ал сабынның құрамындағы таза 18 түрлі майды Малайзиядан аламыз. Осы жақта түрік технолог бар, соның аспабында қысып, бие сүті ұнтағын қосып, сабын шығарамыз. Яғни шикізатты Малайзиядан аламыз, бірақ Қазақстанда шығарылады. Ал косметиканы келесі жылдардан бастап Қазақстанда шығаруды, алдымен шөп жинауды жолға қоямыз. Екінші жылы сол өсімдіктерден май шығару ісімен айналысамыз. Тек үшінші жылы косметика өндіруге кірісеміз. Дегенмен косметиканы Кореяда жасап, осы жаққа әкеліп құю мәселесімен айналысамыз. Ал саумал мен қымызды кептіруді де, капсулаға салуды да Қазақстанда жүргіземіз.

- Компания табысына тоқталсаңыз.

Мысалы, біз бұрын бие сауған кезде 1 литр қымыз 500 теңге болатын, ол кезде біздің биелер 5, 3, 4 литр ғана сүт берген. 5 литр деп есептегенде 2500 теңге жақсы ақша болатын. Ал қазір біздің бие сүті капсулаға түскен соң 1 литрі 3 000 теңгеге шықты. Яғни 5 литр сүт беретін бие күніне 15 мың теңге табыс әкелетін болды. Косметика жасайтын болсақ, оның құны шамамен 200 мың теңге. Оның ішінде 1-ақ литр сүт бар. Сабынның ішінде 100-ақ грамм сүт бар, бірақ бағасы 2 000 теңге.

Ғылым дамитын болса, жасалған өнімнің бағасы да көтеріледі. Бір бие бұрынкүніне бір литр үшін 500-600 теңге кіріс кіргізсе, қазір бір бие күніне 3 000 теңге кіріс кіргізеді. Соңғы санауымыз бойынша, бір бие жылына 2 000 долларға дейін кіріс кіргізеді. Өзіміз зауыт ашсақ, бір биенің кірісі 5 000 долларға дейін болады. Ал косметиканы өзімізде шығарсақ, бір бие жылына 20-25 мың долларға дейін табыс кіргізеді. Өзіңіз қарасаңыз, базарда 1 биенің бағасы 300 мың теңгеден аспайтын. Ал биыл қымыздың сұранысына байланысты бағасы 2 есеге көтерілді. Малдың бағасы оның өніміне, шикізатына сұраныс туған кезде көтеріледі. Ал шикізатқа сұраныс ғылыми жаңалық болса туындайды. Қазақстанда қымызға сұраныс болғандықтан, жылқының бағасы көтерілді. Екіншіден, бордақылауға жылқы мен сиыр Ресейден келіп тұрған. Бірақ шекара жабылып, сырттан мал кірмеді. Осылайша іштегі малдың бағасы көтерілді. Бағасы түсіп кетуі де мүмкін, сондықтан өнімдерді өндіру мәселесіне кірісуіміз керек. Бір адам 2 бие ұстаса, бір биеден күніне 2 500 теңге, 2 биеден 5 000 теңге кіріс кіргізеді. 5000 теңгенің 1 000 теңгесі жем-шөбіне кетсе, 2 биеден 4 000 теңгеден бір айда 120 000 теңге кіріс кіреді. Болашақта әр жылқы 2 000 доллардан кіріс кіргізеді десек, әр отбасы 2 биеден ұстаса да жетіп жатыр. Қымызды өткізе алмасаң ашып кететіндіктен, оны құрғатып сақтау мәселесін шешу керек. Баламызға кока-кола ішпей қымыз іш деп дүкенде қымыз сатылып тұрмаса қалай айта аламыз? Адам даму керек, себебі адам дамыса, бизнес дамиды.

- Маркетингте өнімнің белгілі бір топқа бағытталатыны белгілі. Сіздің өнімдеріңіздің бағасын баршаға қолжетімді деу қиын. Өніміңіз негізінен қалталы азаматтарға арналған ба?  

Иә. Себебі бұл өнім аз ғой, аз болған соң бағасы да қымбат. Керек шикізат шөпті Қазақстаннан жинаса, мысалы сабынның бағасы 2 000 теңге емес, 200 теңге болуы мүмкін. Бағаның түсуі сіз бен бізге байланысты. Егер халық маған шөп жинап беретін болса, мен оны майға айналдыруға тырысам. Сондықтан біреу бізге бірнәрсе жасап берсін демеуіміз керек.

Экономикалық тұрғыдан келсек, біздің косметика аналогтарымен салыстырғанда қымбат емес. Өйткені сіз таза майдан жасалған өнім сататын жерлерге барсаңыз, осындай өнімді 5 000 теңгеге ала алмайсыз, одан да қымбат болуы мүмкін. Салыстырмалы түрде есептесек, сіз онсыз да сонша ақшаны косметикаға құртасыз. Бірақ бұл косметика өте жақсы және өте аз мөлшерде қолданатын болғандықтан, жыл бойына 1-ақ косметика алсаңыз да жетеді. Екінші плюсі басқа косметиканы тұтынғанда оның зияны да болуы мүмкін, оған ешкім кепілдік бермейді. Ал біз өз өніміміздің пайдасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береміз. Себебі ғылыми дәлелденген, ал ғылыми дәлелденген нәрсе ылғи қымбат болады. Мысалы, саумал капсуласының бағасы 18 мың теңге, бірақ ішінде 18 литр қымыздың әсері бар. Сіз бір айда 18 литр саумал ішпейсіз. Егер барып ішетін болсаңыз, ол сізге 18 мыңға емес, 20 мың теңгеге шығуы мүмкін. Бұл – дәрілік нәрсе. Күніне 3 рет қабылдасаңыз, 90 капсула сізе 1 айға жетеді. Экономикасын санасаңыз, бәрібір сіз үшін бұл тиімді. Себебі саумалды күнде таңертең ішкеннің күніне 3 рет ішкендей тиімділігі болмайды. 1 капсулада 100-120 мл бие сүтінің әсері бар. Менің ойымша, Қазақстанда жасалған нәрсе арзан болмауы керек. Өйткені шетелге саудалануы қажет. Мен өнімнің сапасын дәлелдеу үшін қымбат қылып шығардым. Арзандатудың жолдары бар, оған біртіндеп келеміз.

Сұхбаттасқан: Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
63 Пікір
Г
Гүлнұр 21.02.2023
Саламатсыздар ма,мен өте қуаныштымын,менде дәл солай,жылкы яғни биелерді кобейтип,кымыз жасап, бизнесимди өркендетким келеді, еринбей еңбек ғана табысты бола алатын заман талабы, әйтсе де кыска жип күрмеуге келмейді
Жауап беру
D
DR MOHAMMED 21.01.2023
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сен Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздесеңіз және сіз не істеріңізді білмейсіз, онда бүгін бізбен хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін 400,000 доллар жақсы ақшалай соманы ұсынамыз. Менің атым ДӘРІГЕР МОХАММЕД, ФРАНЦИСКО HOSPITAL-да нефрологпын. Біздің аурухана бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған, сонымен қатар біз тірі тиісті донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Үндістанда, Түркияда, АҚШ-та, Малайзияда, Дубайда орналасқан болсаңыз Бүйректерді сатуға немесе сатып алуға қызығушылық танытатындар электрондық пошта, WHATSAPP, TELEGRAM немесе VIBER НӨМІРІ арқылы бізге хабарласудан тартынбаңыз. Электрондық пошта: franciscohospital1988@gmail.com WHATSAPP НОМЕРІ: +918798328237 ТЕЛЕГРАММА НӨМІРІ: +918798328237 ВАЙБЕР НОМЕРІ: +918798328237 ЕҢ ЖАҚСЫ ТІЛЕКТЕР БАС МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИРЕКТОР DR MOHAMMED
Жауап беру
Р
Райхан 04.03.2021
Айтуған Адамқұлұлы шығарған бие сүтінен жасалған өнімдерді кімнен ала аламыз.тапсырыс беруге боладыма?
Жауап беру
Г
Гулнар 20.02.2021
Менің акемде бала кезінен жылқыға құмар,алі кунге дейін 2-3 үйір жылқысы бар.
Жауап беру
Ә
Әсел 16.02.2021
Бұл өнімді тікелей жеткізіп сататын тапсырыс беретін сайт немесе парақша барма?
Жауап беру
Е
Есімім Ақмарал 21.02.2021
Өнім жайлы мына номерге хабарлассаңыз болады 87471660121
Жауап беру
М
Менің есімім Алтынай осы өнімдер туралы хабарласуыңызға болады 11.02.2021
87013577899.87079208989 Алматы қаласы
Жауап беру
А
Анар 15.02.2021
Осы өнімдерді сатасыз ба?
Жауап беру
Р
Райгуль 10.02.2021
Сiз сиякты бiлiмди жастар кобеиcе сиыр онимдеринен де, койдан да, жаксы онимдер шыгарп Казакстан дами берсин!
Жауап беру
М
Майра 10.02.2021
Керемет Сіз сияқты білімді адамдар көбеие берсін
Жауап беру
Б
Бегалиева Болдыгыз 09.02.2021
Куштты бизде бие бар куштты бизнес екен
Жауап беру
С
Сайран 09.02.2021
Керемет.
Жауап беру
С
Сайран 09.02.2021
Кеор
Жауап беру
Б
БАЛЖАН 09.02.2021
Іске сәт
Жауап беру
А
Ардақ 08.02.2021
Керемет мотивация болды бизнес бастайын деп жатырмын ең маңызды нәрсе не екенін түсіндім
Жауап беру
А
Айгул 10.02.2021
Өте керемет ақылекен
Жауап беру
Н
Нурлан 08.02.2021
Саттилик тилеймин
Жауап беру
Б
Балнұр 08.02.2021
Ісіңіз алға баса берсін. Мен де бір биснес ашқым келеді, бірақ көзін таппай жүрмін. Осындай мотивация беретін адам болса екен
Жауап беру
Б
Бағила 08.02.2021
Ауылдың адамдары қазір бәрі бие де ұстайды қымыздың артылғанын сатамыз оның өзін қалаға жібереміз осындай кәсіпті ауылға ашса жұмыс та болар еді халыққа және табыс тауып ауылдың жағдайы да жақсара еді осындай іске екі қолымды көтеріп қолдаймын
Жауап беру
Б
Бибігүл Орынбасаркызы 08.02.2021
Биені екі жылдан бері сауамын, табысы жаксы, бірак тері өндірісен айналымкым келеді, калай неден бастауды біосеймін, бір Турцияның кожный курткасын алсаңыз бәоенбай теңгн болады, ал бізде тері деген шашылып ак жвтыр, иек уйрететін адам болса деймін
Жауап беру
Б
Бакыт 08.02.2021
Кандай кушти. Менде айналысуы келеді.
Жауап беру
С
Саятбек 08.02.2021
Іске сәт осындай азаматтарымыз көп болсын
Жауап беру
Р
Раушан 08.02.2021
Не деген керемет дүние,әр азаматымыз өз өнімімізді осылай өңдеп шығарса,соңына дейін барса шіркін!!!Айтуған Адамқұлұлына мың рахмет.
Жауап беру
Г
Гулжамал 07.02.2021
Касиетти бие сутин багалаймын, онимди калай заказ беруге болады
Жауап беру
Г
Гүлжамал менің есімім Алтынай 11.02.2021
Маған хабарласуыңызға болады 87079208989 Алматы қаласы
Жауап беру
Ф
Фарида 07.02.2021
Мен оқып отырып сразу бие ұстап табыс тапқым келіп кетті ғой әрнәрсені ойлап ісіңізге сәттілік
Жауап беру
С
Салтанат 07.02.2021
Еңбегіңіз жемісті болсын! Бар қазақ ерінбей еңбек етсе, бизнестің көкесі ауылда екенін түсінсе деп едім, оны жақсы жеткіздіңіз! Сәттілік
Жауап беру
Л
Ләззат 07.02.2021
Өте жақсы. Менде окып куанып калдым бызде оптым багамен алып бизнес жасап корсек болады ма екен
Жауап беру
А
Айгүл 07.02.2021
Тамаша! Өте қуаныштымын! Ісіңіз дамып, Қз өзінде халқымыз тек қана қымызбен сусынданатын болсын! Неміс азаматы қымыздың патентін алып қойыпты деп естіп едім. Капсулаңыз керемет екен! Алға! ✊✊✊
Жауап беру
У
Уразбаева Балжан 07.02.2021
Керемет. Болашақта үйреніп, қолға алуға болатын жұмыс. Тәжірибеңізбен бөлісеңіз екен. Қуаныштымын қазақтар да бір зат шығарып жатса үлкен жеңіс. Мен магистратурада технолг мамандығын алдым. Алдағы уақытта өзіңізбен жұмыс істесем. Кері байланысқа шықсаңыз.
Жауап беру
М
Мадина 07.02.2021
Мен бизнеспен айналыскым келеди сизге калай хабарласа аламыз
Жауап беру
Г
Гулфариза 07.02.2021
Саумал капсуласы аты кандай.
Жауап беру
А
Асылтас 07.02.2021
Қалай капсулдауға болады екен
Жауап беру
А
Арайлым 07.02.2021
Оте кушти айтылган, озимнинде пайдамды тигизгим келип кетти,мен шоколад ,балмуздак шыгаратын заводка жумыска турсамгой,сут онимимен жумыс жасаганды катты унатамын,сиыр сутимен жумыс истеймин,оте кызыкты жазылган.
Жауап беру
А
Айша 07.02.2021
бір бие жаксы ал бир бие окінішке ораййй
Жауап беру
А
Айжан 07.02.2021
Мысалы бизде бие бар болса, онын сутин кайда откиземиз капсула жасауга ,кому будем обращаться? Рахмет.
Жауап беру
Ш
Шолпан 07.02.2021
Балмұздақ қалай жасауға болады бет сутінен
Жауап беру
Э
Эльвира 07.02.2021
Капсула витамин өнімдерін қалай қайдан алуға болады
Жауап беру
Э
Эльвира хабарласыңыз 87013577899 11.02.2021
Маған хабарласуыңызға болады 87079208989 Алматы қаласы
Жауап беру
Э
Эльвира менің есімім Алтынай 11.02.2021
Хабарласуыңызға болады капсула туралы осы кісінің өнімі.
Жауап беру
А
Арғын 07.02.2021
Малдың терісін қалай пайдаға асыруға болады екен. Жолын көрсетеме екенсіздер тел87753434344н
Жауап беру
Ш
Шохан 07.02.2021
Айтып жатканы оте дурыс. Кытайлар биздин жерге кызыгуы бекер емес коптеген емдик шоптер турлери бар. Мысалы солардан соя, фунчуза, баскада нарселер келип жатыр. Технология жайы аксап тур. Аскар Жумадилдаев агамыз айтпакшы технокрад болмай дами алмаймыз.
Жауап беру
С
Светлана 07.02.2021
Б ие сүтінен шоколад,балмұздақ қалай жасауға болады?Ол үшін неден бастау керек?
Жауап беру
А
Арғын 07.02.2021
Іздібай
Жауап беру
С
Светлана 07.02.2021
Б и
Жауап беру
С
Светлана 07.02.2021
Б и
Жауап беру
Е
Ердәулет 07.02.2021
Істеріңіз алға бассын! Ниеттіріңіз Алланың қалауымен орындалсын! Айтуған Адамқұлұлына шаш бояу маселесі бойынша қояр сауалым бар еді оны қалай жеткізсем болады? Бұл туралы зерттеулер жүргізетін кім бар екен? Жеке парақшасын көрсете аласыздарма?
Жауап беру
А
Анипа 07.02.2021
Алла разы болсын кудай каласа казах елине берекесимен келип дамысын отеее жаксы идея Алла сизге мыкты денсаулык,уззаак гумыр куш куат берсин кооопп жасаныз исине риза болдым.
Жауап беру
Г
Гульвира 07.02.2021
Ауылды жерде жылқы малы көп сойылады, терісін қалай пайдаға асыруға болады?
Жауап беру
Ж
Жанар 07.02.2021
Біз бұрын арғы бетте жұргенде, жылқы терісін өңдеп жасайтын орынға апарып сумкадан бастап неше түрлі үлгіде кйімдер тіктіріп алатынбыз, тігін ақысыда арзан, Сондай кйімдер Өзіміздің елден көріп жүрміз бағасы өте қымбат, бірінші теріні өңдеуден бастап ұйрену керек деп оилаймын.арықарай кесіп тігіудіде үйренсе болады, өз ойым
Жауап беру
А
Айгерім 07.02.2021
Мына кісімен қалай сөйлесуге болады. Бие сүтін қалай құрғақтатуға боладв
Жауап беру
Д
Даурен 07.02.2021
Саумал бар капсуладагы осы кисиниң онимдери 87785842891
Жауап беру
А
Айкенже 07.02.2021
Керемет өнім! Қалай заказ беруге болады?
Жауап беру
А
Айкенже 87013577899 Алтынай 11.02.2021
Маған хабарласуыңызға болады 87079208989 Алматы қаласы
Жауап беру
Қ
Қазбек 03.02.2021
Бие сүтін кептіруді қалай үйренуге болады? Қайда хабарласу керек.
Жауап беру
Г
Гүлдерайм 03.02.2021
Керемет қой,саумалды тиімді заманауи тәсілмен, халыққа қол жетімді етіп жеткізгені үшін осындай қазағым деп жүрген ағаларымыз аман болсын
Жауап беру
К
Кумискул 02.02.2021
Кайдагы 2000долар литрн300ден зорга сатамыз
Жауап беру
Ж
Жанна 02.02.2021
Бие сүтінің кептіру жолын уиретсениз екен?
Жауап беру
А
Айтолқын 02.02.2021
Өте керемет , берері мол сұхбат! Рақмет
Жауап беру
Г
Гүлмира 01.02.2021
Керемет адам' тамаша идеяларымен!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл