| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі ел бойынша тұрғындарды тіркеу тәртібін біріздендіруді ұсынып отыр. Жаңа бастамаға сәйкес, бір адамға шаққанда кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы қарастырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптарын өзгерту мәселесі қаралуда. Ішкі істер министрлігі ұсынған жаңа нормаға сәйкес, бір тұрғын үйге тіркелетін адамдар саны тұрғын алаңның көлеміне байланысты шектелуі ықтимал. Атап айтқанда, әр адамға кемінде 15 шаршы метрден келуі тиіс.
Қазіргі уақытта мұндай талап тек Астана қаласында қолданыста. Енді ведомство осы тәжірибені республика көлемінде енгізуді ұсынып отыр. Бұл бастама тіркеу жүйесін реттеуге және тұрғын үйдегі шамадан тыс тығыздықтың алдын алуға бағытталған.
Сонымен бірге ұсынылып отырған шектеулер бір отбасының мүшелеріне қатысты қолданылмайды. Яғни жақын туыстарды бір мекенжайға тіркеу бұрынғыдай жеңілдетілген тәртіппен жүзеге аса береді.