| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақпанда инфляция қарқыны үдеп, тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5%-ға жетті (қаңтарда – 1,1%). Бір ай ішінде ақылы қызметтер – 2,1%-ға, азық-түлік өнімдері – 1,5%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1%-ға қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең жоғары айлық инфляция Астанада тіркелді – 2,9%, ал ең төменгі көрсеткіш Абай және Қызылорда облыстарында байқалып, 0,7% болды.
Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ды құрады. Өткен 12 айда ақылы қызметтер – 14,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,7%-ға, ал азық-түлік өнімдері – 6,5%-ға қымбаттаған.
Бір жыл ішінде қандай бағалар өзгерді?
Коммуналдық қызметтер:
    •    Суық су тарифі – 70,7%-ға,
    •    Электр энергиясы – 21%-ға,
    •    Жылу – 18,2%-ға,
    •    Су бұру – 17,3%-ға,
    •    Ыстық су – 14,5%-ға,
    •    Тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 13,2%-ға,
    •    Қоқыс шығару қызметі – 11,1%-ға қымбаттады.
Көлік және байланыс:
    •    Теміржол билеттері – 20%-ға,
    •    Ұялы байланыс қызметтері – 19,5%-ға қымбаттады.
Медицина және қызмет көрсету:
    •    Медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,4%-ға,
    •    Дәрігерге алғашқы қаралу – 15,5%-ға,
    •    Сәлемдеме жіберу қызметтері – 17,7%-ға өсті.
Электроника бағасы қалай өзгерді?
    •    Ноутбуктер – 67,2%-ға,
    •    Ас үй пештері – 55,4%-ға,
    •    Сымсыз құлаққаптар – 47,7%-ға,
    •    Планшеттер – 46,8%-ға қымбаттаған.
Азық-түлік өнімдеріндегі баға өсімі:
    •    Картоп – 62,1%,
    •    Пияз – 27,3%,
    •    Қырыққабат – 20,2%,
    •    Сарымсақ – 18,3%,
    •    Қызылша – 15,2%-ға қымбаттаған.