Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бір жылда қандай азық-түлік ең көп қымбаттады
Жаңалықтар

Бір жылда қандай азық-түлік ең көп қымбаттады

01.08.2022
1 мин
2
1438

 Биыл шілде айында елімізде инфляция жылдық есептеуде 15%, ал бір айда 1,1% құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

«2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7% өсті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарларға 14,2%, ақылы қызметтерге 9,2% көтерілді», - делінген хабарламада.

Бағаның айтарлықтай қымбаттауы қантқа (құмшекер) – 87,3%, пиязға – 71,7% және ұнға 36,6% тіркелді. Ал сәбіз бен қызылша бағасы керісінше, 29,6% және 25,2% төмендеді.

Мәселен, бір жылда қымбаттаған азық-түлік: 87,3% қант, 21,9% кондитерлік өнімдер, 71,7% басты пияз, 21,7% пастерленген сүт, 36,6% ұн, 20,5% салқындатылған сусындар, 33,0% макарон өнімдері, 18,3% жаңа піскен жемістер, 31,4% жармалар, 17,9% нан, 28,6% құс еті, 17,0% сары май, 27,4% тоқаш және ұн өнімдері, 16,7% шұжық өнімдері, 26,7% қатты ірімшік, 16,5% жылқы еті, 24,6% минералды және ас су, 14,8% темекі өнімдері, 24,5% қышқыл сүт өнімдері, 13,7% қой еті, 24,4% кептірілген жемістер мен жаңғақтар, 11,6% күнбағыс майы.

Сондай-ақ Ұлттық сатистика бюросының мәліметінше, биыл шілдеде (2021 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 14,2% қымбаттады. Атап айтқанда, жеке қолданысқа арналған тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Мәселен, кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақүй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігінде ақы 5,5% көтерілді.

Бюроның Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтердің қымбаттауы да, төмендеуі де байқалады. «Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуатының құны – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады. Ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%, ыстық суға 1,3%, суды бұру үшін 0,5% төмендеді», – дейді ол.

Айта кетейік, Ұлттық бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифі мен баға өзгерісі бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.

2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1% құрады.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гулнур 02.08.2022
Калай кымбатшылыкты токтату жолын карастырмайма
Жауап беру
Н
Нургул 01.08.2022
Сумдык карапайым халык калай күн кореды?Ең төменгі жалакы ауылда60мын тг
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл