Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босап шығады
Жаңалықтар

Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босап шығады

30.07.2025
1 мин
0
139
Сурет: t.me/ Jogargy_sot

Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты істі қарау нәтижесінде сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск сотында “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң негізінде ҚАЖ мекемесі ұсынған жазаны қысқарту туралы өтініш қаралды.

Сот деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 13 мамырында ер адам Қылмыстық кодекстің 432-бабына сай Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Өтініш келесі себептерге байланысты мақұлданды:

  • ҚК 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандарға жазаны қысқарту қарастырылған;
  • “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң аясында ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің үштен бірін қысқартуға болады, егер келтірілген залал өтелсе немесе ондай залал болмаса. Бақытжан Байжанов мемлекет пайдасына төленуге тиісті мәжбүрлі төлемдер мен процессуалдық шығындарды толық өтеген.

Соттың шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылып, түпкілікті өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіленді.

Аталған қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл