Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық талапкер өтініш білдірді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің мәліметінше, өткен жылы бұл көрсеткіш 104 мыңнан асқан. Биыл бакалавриат бойынша 77 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлініп отыр. Оның ішінде басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға тиесілі.
Сонымен қатар:
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы бірнеше жылда талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие білім беру бағыттары айтарлықтай өзгерген жоқ. Биыл да көп өтініш келіп түскен бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бар.
Сонымен бірге, аударма ісі, педагогика, психология, дизайн және құқық салаларында бір гранттық орынға ең жоғары конкурс деңгейі күтіліп отыр.
Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері енеді.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.