Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл оқушылар ҰБТ-ны 5 мәрте тапсыра алады
Жаңалықтар

Биыл оқушылар ҰБТ-ны 5 мәрте тапсыра алады

13.02.2023
1 мин
1
959

Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 5 мәрте тапсыра алады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz

“2023 жылы талапкерлер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін тапсыруға мүмкіндік бар. Ал негізгі грант ҰБТ-сы мамыр-маусым айларында өтеді. Биыл да негізгі ҰБТ-ны талапкерлерге екі рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Түлектер ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады”, – деді Руслан Емелбаев. 

Емелбаевтың сөзінше, биылдан бастап ІТ саласына оқуға түсетін түлектер үшін ҰБТ-ға “математика-информатика” комбинациясы қосылды. 

“Ең басты жаңалықтардың бірі – 2023 жылғы қаңтардан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар", "Ақпараттық қауіпсіздік" білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны математика-информатика комбинациясы бойынша тапсырады. Тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында біз оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін терминдер тізімін жарияладық”, – деді  Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығы директоры биыл қаңтардағы ҰБТ-ға 123 мыңға жуық түлек қатысқанын тілге тиек етті.

Фото: massaget.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
М
Мақсат 13.02.2023
Жақсы болды ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл