Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл Қазақстан спортшылары 50-ден астам тарихи жетістікке жетті
Жаңалықтар

Биыл Қазақстан спортшылары 50-ден астам тарихи жетістікке жетті

26.12.2025
мин
0
141
Сурет: olympic.kz

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

 2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл шорт-тректен ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алса, фристайл-акробатика мен семсерлесу спорт түрлерінен тұңғыш медаль бұйырды. Сонымен қатар дзюдо, бокс, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, садақ ату және парабиатлон бойынша жоғары нәтижелер тіркелді. «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққанын айрықша атап өтуге болады.

Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстанда бокстан және фристайлдан Әлем кубогі кезеңдері, дзюдодан Grand Slam турнирлері, сондай-ақ бірқатар олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізілді. Бұған қоса, елімізде алғаш рет Азия Паралимпиялық комитетінің конференциясы мен Бас ассамблеясы ұйымдастырылып, Қазақстанның Азиядағы инклюзивті спорт орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл