Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызметке шақырылады
Жаңалықтар

Биыл запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызметке шақырылады

30.01.2024
1 мин
0
297
Фото: azh.kz

Қазақстан Үкіметі 2024 жылы 25 қаңтарда «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен запастағы офицерлер оның ішінде әскери қызметке жарамды және оны өткермегендер әскери қызметке 24 ай мерзімге шақырылсын, олар офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқару үшін шақырылсын», - делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны:

ҚР Қарулы Күштерде - 600 адам;

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде - 80 адам;

Ұлттық ұланда - 42 адам;

ТЖМ-де - 30 адам.

Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Голан төбелері мен бірқатар басқа аймақтарға 430-ға дейін бітімгершілік күштерін жіберетіні белгілі болған. Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына жолдаған. Парламент депутаттары бітімгершілік күштерді жіберу туралы ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Бітімгершілерді орналастыру 2024 жылғы наурыздан басталады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта БҰҰ-мен тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін анықтайтын халықаралық келісім жасалады. Әскер мен техника Қазақстанның есебінен тасымалданады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл