Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Менің кәсібім

Бизнесмен Бақберген Елетан: «5 айлық айналымым 500 мың доллар»

17.05.2021
1 мин
1759
48940

Елімізде жас болса да бас болып, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жастар жетерлік. Соның бірі - Бақберген Елетан. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 7 филиалы бар https://skadi.kz/ SKADI дүкендер желісінің негізін қалаушы. Осы орайда, Бақберген Елетан кәсібін қалай ашқандығы, алғашқы капитал және бизнесті жүргізу жолы туралы тәжірибесімен бөлісті.

- Бақберген мырза, ең алғашқы табысыңыз қанша теңге болды?

Мен негізі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы қорығы өңірінде дүниеге келдім. Жасым екіге толғанда Алматы қаласына көштік. Ата-анам базарда жұмыс істегендіктен, мен 4 жасымнан бастап базарда жүрдім. 2 000 жылдары қазіргідей емес, ұрлық көп. Сол кезде базарға келген көліктерді қарауылдап, еңбегім үшін көлік иесінен 40-50 теңге алатынмын. Дәл осылай балалықпен жұмысты қызық көріп, 5 жасымда күніне 500 теңге таптым. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде кәсіп бастағым келді. Десек те, ана-анам кәсіппен айналысуыма қарсы болды. Мектепті аяқтаған соң жоғары оқу орнына ІТ мамандығына грантқа түстім.

- SKADI дүкендер желісін ашпас бұрын немен айналыстыңыз?

Университетте 3-курс оқып жүріп, өзімнің мамандығым бойынша түрлі сайттар мен мобильді қосымшалар жасауға тапсырыстар ала бастадым. Жоғары оқу орнын бітірен соң досымның компаниясында ІТ маман болып жұмыс істедім. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласына дейін Tengri Bank-те қызмет атқардым. Ал бизнес саласына келетін болсақ, SKADI дүкендер желісін ашпас бұрын «Degirmen» кафесін ашып, көлік сату, балмұздақ сатумен айналыстым. Дәл қазіргі бизнесімді ашу үшін осындай бірқатар кәсіп түрінен бас тарттым.

- SKADI дүкендер желісін ашу қалай басталды? Алғашқы капиталыңыз қанша теңге болды?

Мен Skadi.kz-ті 22 жасымда, яғни 2016 жылы 16 қарашада бастадым. Ең алғаш шағын SKADI дүкенін Әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында  орналасқан «Форум» бизнес орталығында кеңсені жалға алу арқылы  аштық.  Алғашқы капитал 3 миллион теңгені құрады.  Бұл салымның 750 мың теңгесі өзімдікі болғанымен, қалған соманы ата-анам мен достарымнан қарызға алдым. Бұл ақшаға орын жалдадық және сырт киімдер сатып алып, дүкенге қойдық. Дүкенімізге адамдар келгенімен, ештеңе алмай кетіп қалатын еді. Алғашқыда  «Неге ештеңе алмай шығып кетеді?» деген сауал мазалады. Сөйтсек, адамдарға тек киім ғана емес, спорт түріне арналған жабдықтар да керек екен. Кейін шаңғы жабықтары, скейтборд, самокаттарды дүкенке сатылымға қойдық. Нәтижесінде, тауарға сұраныс артып, кәсібіміз жүре бастады. Кәсіп толық алға басқанша, ІТ саласында қосымша жұмыс істеп, екі саланы қатар алып жүрдім. Тек 2018 жылдан бастап, басқа жұмыстан бас тартып, толық SKADI-ді  қолға алдым. Дәл сол жылы дүкеніміздің жылдық айналымы 60 миллион теңгеге жетіп, Алматы қаласында бір емес, екі филиал жұмыс істеді. Биыл SKADI-дің ашылғанына 5 жыл болады. Қазіргі кезде SKADI дүкендер желісінің Қазақстан бойынша 7 филиалы бар. Оның алтауы - Алматыда, біреуі - Өскеменде. 

- SKADI  халыққа қандай қызмет түрін ұсынады?

Бүгінде  Skadi.kz  үш қызмет түрін ұсынады: жалға беру, сату және жөндеу. Толығырақ тоқталатын болсақ,  қыс мезгілінде сноуборд, шаңғы, коньки, баллон, тюбинг, киім-кешек, яғни жалпы тауда сырғанауға керек қызмет түрін ұсынамыз. Тұтынушылар тауарды қалауына қарай сатып немесе жалға ала алады. Ал жаз мезгілінде клиенттерімізді велосипед және тауда қонатын шатырлармен қамтамасыз етеміз. Жөндеу қызметіне келсек, суық мезгілде көбінесе шаңғыларды, ал жазда велосипед, самокаттарды жөндеумен айналысамыз. Алдағы уақытта тағы да басқа спорттық жабдықтар алып, Trade In қызметін қосу жоспарда бар.

- Негізі бизнесті ашқаннан кейін оны дамыту, басқарудың тиімді тәсілін қолдана білу қабілеті бар.  Сіз өз бизнесіңізді қалай дамыттыңыз?

Алқашқыда кәсіпті жалғыз бастадым. Бірақ кәсіп дамып, сұраныс арта бастағанда серіктес керек болады екен. Бизнес саласында адамдармен араласу арқылы өзіме керек серіктесті таптым. Онымен келісім жасап, кәсіпті ортақ жасауға шешім қабылдағаннан кейін серіктес бизнеске 500 000 доллар салды. Мен бұл қаражаттың барлығын кәсіпті дамытуға жұмсадым. Осы орайда, кез келген бизнесті алға жылжыту барысында маркетингтің маңыздылығын атап өткім келеді. Себебі кез келген өнімге сұраныс бар, тек оны дұрыс ұсына білу керек. Мақсатты аудиторияны анықтап, әлеуметтік желілерде танымалдылықты арттыру, өнімнің жеке сайтын ашып, кейін таргетингтік және контекстік жарнаманың дұрыс жасалуы бизнестің дамуына әкеледі. Біздің компания дәл осы маркетинг саласына аса назар аударамыз. Сонымен қатар еліміздегі танымал адамдармен де жұмыс істеп жүрміз.

- Қол астыңызда қанша адам жұмыс істейді? Бүгінде компания табысы қанша теңгені құрайды?

Жалпы компандада жұмыс істеу барысы мезгілге байланысты. Жаз мезгілінде жұмыс барысында жүктеме аз болғандықтан 20 адам жұмыс істейді. Ал қысқы маусымда жұмыс істейтін адам саны артады. Қараша-сәуір айларында штатта 30 адам еңбек етеді. Одан бөлек аутсорс компаниялардың қызметін пайдаланамыз. Олар – есепші, қаржы, маркетолог мамандары. Бұл қызметкерлердің саны шамамен 40 адамды құрайды. Мен қосымша ІТ саласына жауап беремін. Биыл SKADI -дің бес айлық айналымы 500 000 доллар болды.

- Кәсіпкерлердің көбі Covid-19 індетінің бизнеске әсер еткендігін айтады. Кей кәсіп түрлеріне індет оң өзгеріс әкелсе, енді біріне керісінше. Сіздің салаңызға пандемия қалай әсер етті?  

Әрине, Covid-19 індеті әлем бойынша өзгеріс алып келді. Әсіресе бизнес саласында көптеген компанияларға соққы болды. Десе де, нарықта жаңа заман талабына сай дағдыланған кәсіп түрлері онлайн режимде өз ісін жүргізіп жатты. Біздің компания індет барысында дамуын тоқтатпады. Қатаң карантин талаптары болған кезде адамдар үйде отырып жалықты. Демалыс орындары жабық болғандықтан, адамдар табиғат аясына шыққысы келді. Нәтижесінде, нарықта сұраныс артып, адамдар бізді іздей бастады. Қала тұрғындары шетелге саяхатқа шыға алмағандықтан карантин кезінде сұраныс көбейе түсті. Сол себепті біздің бизнеске оң әсер етті.

- Бизнесте ұстанатын қандай да бір қағидаларыңыз бар ма?

Жалпы кәсіпкер ретінде өзім үш қағиданы ұстанамын. Біріншісі – өзің жұмыс істеп жүрген салада кәсіби маман болу. Екіншісі - мінсіздік, яғни қандай да бір жұмысты атқаратын болсаң, оны ешқандай қиындыққа қарамай соңына дейін жеткізу. Ал үшіншісі  - ашықтық. Егер бір зат ұнамаса, көңіліңнен шықпаса, онда міндетті түрді өз пікіріңді айтып, сол мәселені шешуге тырысу. Әрине, бизнес саласында өзіне тән қиындық пен тәуекел бар. Кәсіпкер 100 процентке дұрыс шешім қабылдай бермейді. Сол себепті кез келген қателіктен сабақ ала білу керек.

 

1759 Пікір
W
World bank 29.09.2022
сәлем ханым мырза, біз дүниежүзілік банктенміз және бізде қызығушылық танытатын кез келген адамға және бүкіл әлем бойынша жылына 2% пайызбен деректерді беруге рұқсатымыз бар, қосымша ақпарат алу үшін біздің whatsapp сілтемелерімізді қараңыз. 500.000 /900.000/25.000.000 теңге, рубль, сом, юань, $, € +22956220497
Жауап беру
B
BANK 29.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
B
BANK 26.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
А
Айтолкын 06.08.2021
Керемет исиниз алга орлей берсин бизгеде жугысты болсын
Жауап беру
М
Максат 21.05.2021
Молодец, тек кана алга
Жауап беру
Д
Динара 17.05.2021
Керемет, тек алға! Сәттілік тілеймін
Жауап беру
Г
Гүлнұр 17.05.2021
керемет,қызығамын,өз кәсібімді ашу мақсатым
Жауап беру
А
Айжан 09.07.2021
Жарайсың, берекелі кәсібің өсіп, өрлей берсін! Қазақстан жастарына жұғысты болғай!
Жауап беру
Г
Гүлбану 17.05.2021
Керемет! Байыса қазақ байысын!
Жауап беру
Б
Бибигуль 17.05.2021
Керемет,казагымнын жигиттери тек Алга!!!
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл