Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Боранда жоғалып кеткен баланың қалай табылғаны белгілі болды
Жаңалықтар

Боранда жоғалып кеткен баланың қалай табылғаны белгілі болды

12.02.2024
1 мин
4
2680
Фото: polisia.kz

Абай облысында боранда жоғалып кеткен 8 жастағы баланың қалай табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.

Ақпарат бойынша бала таңғы 10-да атқа мініп, мал іздеуге шыққан.

Баланы іздеуге полицейлерден бөлек Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары іздеуге белсенді қатысты. Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды.

Іздеу іс-шаралары 4 сағаттан астам жүргізілді, ауа-райы жағдайлары жедел-іздестіру іс-шараларын қиындатқан. Баланы іздеуге 100-ден астам адам қатысты. Іс-шаралар полиция мен құтқарушылардың арнайы көліктерінде өткізілді, өтуге қиын жерлерде адамдар қарда жүретін көліктермен және жылқылармен жүрді.Сонымен қатар 5 дрон ұшырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қайғылы жағдайға жол берілмеді, тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар баланы елді мекеннің шетінен тапқан. Бала боранның кесірінен жолынан адасқан. Ол іздеуге шыққандардың шамдарын көріп, сол бағытқа беттей берген. Қазіргі уақытта бала ата-анасының жанында. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін», - деді ПД бастығы Сұлтан Бектөре.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Г
Гулжан 12.02.2024
8 жастағы сәбиге мал іздете ма адам деген ????, құдайға шүкір аман-есен табылғанына, іздеушілерге рахмет!
Жауап беру
Г
Гүлнұр 12.02.2024
8 жастағы баланы боранда жібереді ма екен?
Жауап беру
М
Меруерт 12.02.2024
Аллаға шүкір,мыңда бір шүкір
Жауап беру
А
Айнаш 12.02.2024
Аллаға шүкір аман-есен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл