Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО-да соңғы бес жыл ішінде 116 бала зорланған
Жаңалықтар

БҚО-да соңғы бес жыл ішінде 116 бала зорланған

01.03.2024
1 мин
1
653
Фото: azattyq.org

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтық өкілі, мектеп, колледж директорлары қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Мой город» порталының жазуынша, облыс прокуроры Серік Шалабаев балалар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралардың тиімсіз екенін атап өтті. Балалар қылмысының саны өскен, атап айтқанда, жасөспірімдер қылмысы 2023 жылы 32%-ға көтерілген.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар қылмысты жасыру мәселесіне тоқталды. Бұл оқу орындарының рейтингін төмендетпес үшін жасалып отырған әрекеттер екені айтылды. Мұндай фактілер бұдан да жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Облыс прокуроры балалардың құқығын қорғау қажеттігін де атап өтті. Оларды қорғау және соған сәйкес маңызды тәрбие жұмысы маңызды.

«Тек соңғы бес жылда 116 бала зорланып, 35 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсаған. 2023 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны 16%-ға өскен», - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Асия 02.03.2024
Салематсыз ба! Неге қорғансыз балалар қорлану керек . Қылмыскерді жақсылап тұрып халықтың алдында жазасын беру керек деп ойлаймын . Бұл өте ауыр қылмыс, бұндай әрекетке барғандарды міндетті түрде жазалау керек деп ойлаймын. Әркімнен корқып өмір сүретін болдық.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл