Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылы ұсталған Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар қатарында Руслан Жұмағұловпен бірге тағы бір адам — адвокат болды.
Жұмағұловқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы (“Алаяқтыққа оқталу”) бойынша айып тағылды. Ал екінші айыпталушыға 190-баптың 2-бөлімінің 3-тармағы, 24-баптың 3-бөлігі, 28-баптың 4-бөлігі және 367-баптың 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.
Сот Руслан Жұмағұловты кінәлі деп танып, оған 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім шыққанға дейін ол үйқамақта болған. Сот шешімімен ол залда қамауға алынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.