Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО-да түнде қолына ара ұстаған ер адам жанармай бекетіне шабуыл жасады
Жаңалықтар

БҚО-да түнде қолына ара ұстаған ер адам жанармай бекетіне шабуыл жасады

30.05.2025
1 мин
0
208
Сурет: instagram.com/police_burlin

Батыс Қазақстан облысында ер адам қолына ара алып, жанармай құю станциясында жүрген жүргізушілер мен азаматтарға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz Бөрлі аудандық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Бөрлі аудандық полициясы Instagram парақшасында оқиға кезінде түсірілген видеоны жариялады. Онда ер адамның қолына ара алып, жанармай бекетінде жүргендерге шабуыл жасап жатқаны көрінеді.

Жазба сипаттамасында бұл оқиға Ақсай қаласында түн ортасында болғаны көрсетілген.

Полицияның мәліметінше, ер адам агрессивті мінез көрсетіп, адамдар мен көліктерге шабуылдаған. Құқық қорғау органдары оны ұстады. Кейін белгілі болғандай, бұл азамат психиатриялық есепте тұрған.

Ұсталған адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Қазір оны Облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл