| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
БҚО-да колледж директоры 54 жалған студент тіркеп, стипендияларды заңсыз рәсімдеу арқылы 49 млн теңгені жымқырғаны анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Тергеу дерегінше, ол оқу процесіне қатыспаған адамдарды студент ретінде көрсетіп, үлгерім құжаттарын қолдан жасаған және олардың атына ашылған шоттар арқылы стипендияны өзі иемденіп отырған.
Кей жағдайларда стипендиялар заңсыз көтерілген мөлшерде беріліп отырған. Банктік карталар директордың өзіне немесе оның тапсырмасымен басқа адамдарға беріліп, сол арқылы қаражат қолма-қол алынған.
Нәтижесінде, колледж бюджетінен 49 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз иемденілген.
Қазіргі уақытта директорға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, оның пәтеріне сот санкциясымен тыйым салынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл іс Батыс Қазақстандағы білім мекемелерінде қаржылық бақылаудың әлсіздігін де көрсетіп отыр.