Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Баспанаға бағыт

Бүгін «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

25.08.2022
1 мин
6
4365

Бүгін «Отбасы банк» АҚ «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды бастады.

Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген әскери қызметші қатыса алады. 

Бағдарламаға қатысуға өтініштер 30 күн бойы Баспана маркет https://otbasybank.kz/ порталында қабылданады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты түрде негізгі және резервтік тізімдер құрылады. Іріктеудегі жалғыз талап – арнайы депозит бойынша жинақталған сыйақы сомасы, яғни тұрақты түрде салымына қаражат жинағандардың негізгі тізімге кіру мүмкіндігі жоғары болмақ. Негізгі немесе резервтік тізімге өткенін немесе өтпегенін үміткерлер Баспана маркет порталындағы жеке кабинеттерінен көре алады. 

Негізгі тізімге енген әскерилер 180 күн ішінде: 

- банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтуі қажет;

- баспана тауып, оны бағалаудан өткізуі қажет;

- банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы несие алуға өтініш беруі қажет.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15% тең. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап). Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Пайдалану мақсаты – алғашқы/екінші нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік келісім шарты бойынша сатып алу және жөндеу. Меншікте тұрғын үйдің болуына ешқандай шектеулер жоқ. Несиенің ең жоғарғы сомасы клиенттің таңдауы бойынша, екі нұсқаға сай есептелуі мүмкін: ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің және депозит бойынша жинақтың сомасына байланысты. 

«Әскери баспана» бағдарламасы банкте төртінші жыл жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін 13 378 қазақстандық әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарта алды. Берілген несиенің жалпы сомасы – 258,4 млрд теңгеге. 

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
W
World bank 29.09.2022
сәлем ханым мырза, біз дүниежүзілік банктенміз және бізде қызығушылық танытатын кез келген адамға және бүкіл әлем бойынша жылына 2% пайызбен деректерді беруге рұқсатымыз бар, қосымша ақпарат алу үшін біздің whatsapp сілтемелерімізді қараңыз. 500.000 /900.000/25.000.000 теңге, рубль, сом, юань, $, € +22956220497
Жауап беру
B
BANK 29.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
Қ
Қорлан 14.09.2022
Неге медицина қызметкерлеріне бағдарлама жоқ
Жауап беру
А
Абиев Берик 26.08.2022
Мен 2014-2017ж әскери қызметші болып жұмыс жасадым.2018 ж бастап тұргынуйжинакбанкі аркылы көп әскерилер компенсация аркылы уй алды.Маган сол компенсация беріледі ма екен.Приказ 2018ж шыкты Мен 2017ж жұмыстан шыктым. 87768808484 отв жазам комектесе алам десеңіздер ватсап телеграм осы номерде
Жауап беру
Ж
Жадра 25.08.2022
Жаксы
Жауап беру
А
Айболат 25.08.2022
Жаксы
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл