Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес 2025 жылдың 10 тамызында Алматыдағы Орталық стадионда жеке концертін өткізеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін, 28 мамырда сағат 10:00-де, билеттер сатылымға шығады. Сатылым ticketon.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер виртуалды кезек жүйесі арқылы сатылады. Бір адамға 10 билеттің артық сатылуына шектеу қойылған.
• Жалпы билеттер: 40 000 – 160 000 теңге аралығында;
• Сахна алды орындар: 180 000 теңгеден басталады.
Концертке байланысты 10 тамызда стадионда өтуі тиіс болған футбол матчы 21 қыркүйекке ауыстырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы концертке билет алу кезінде сайтқа кірушілер саны шамадан тыс көбейіп, ұйымдастырушы компанияның ресми ресурсы істен шыққан еді. Астанадағы шоу 1 тамыз күні өтеді деп жоспарланған.