Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін елімізде Ұстаздар күні атап өтілуде
Жаңалықтар

Бүгін елімізде Ұстаздар күні атап өтілуде

05.10.2023
1 мин
0
699

Осы жылы алғаш рет Мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанда мерекеленеді. Тиісті қаулыны Үкімет 10 наурызда қабылдаған болатын. Бұл жөнінде толығырақ ҚазАқпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, осы уақытқа дейін республикада Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендіріліп отыр.

Дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен Мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды. Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.

Қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады. Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – сіздерсіздер. Құрметті әріптестер, бұл маңызды да күрмеуі қиын жолдағы шешуші рөл сіздерге ғана тиесілі, - деп құттықтады Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, еліміздің үздік мұғалімдері «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» республикалық кадр резервіне қабылдана алады. Ал ең мықтылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Министрлік білім саласында 30 және одан да көп жыл еңбек еткен мұғалімдерді «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Алғаш рет Республикалық педагогика қызметкерлердің ардагерлер кеңесі құрылды. Мұндай кеңестер елдің әр аймағында құрылады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселенің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру жөнінде шешім қабылданды.

Төрт жыл ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы 2 есе өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілді. Бүгінде 220 мыңдай мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемақы төленіп отыр.

Биылғы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек ететін 97 мың педагогтің жалақысы тағы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл алғаш рет 90 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Сондай-ақ бүгін Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Мұндай шара 2005 жылдан бері өткізілмеген. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтер арнайы ұйымдастырылған алаңдарда озық еңбектерімен және халықаралық тәжірибелермен бөліседі.

Республикалық педагогтер съезінде орта білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек. Білім беру сапасын арттырудың тұжырымдамалық аспектілері пленарлық отырыста Оқу-ағарту министрінің «Білім сапасы: жай-күйі және жетілдіру жолдары» баяндамасында жарияланады. Бұл күні еліміздің үздік педагогтерін марапаттау рәсімі де өткізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл