Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін – Халықаралық студенттер күні
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық студенттер күні

17.11.2025
мин
0
185
Сурет: Жайық пресс

Бүгін барша студенттердің мерекесі атап өтіледі, әрі барлық студенттерге құттықтаулар жолданады, -  деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Еліміздің түкпір-түкпірінде оқып жүрген барша студенттерді мерекесімен құттықтаймыз!

Студенттік жылдар – әр адамның өмірінде есте қалатын қызықты әрі ерекше кезең. Студенттік өмірдің төрт жылы білім мен достыққа, ұмытылмас сәттерге толы.

Деректерге сүйенсек, Халықаралық студенттер күні алғаш рет 1946 жылы Прагада аталып өткен. Бұл күн 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншыларының қолынан қаза тапқан чех студенттерін еске алуға арналған. Ал халықаралық деңгейде студенттер күні алғаш рет 1941 жылы Лондонда тойланған.

Содан бері бұл мереке студенттердің құқықтары мен білімге құштарлығын дәріптеп, олардың шығармашылығы мен қоғамдағы рөлін көрсететін күн болып табылады.

Барша студенттерге табыс, шабыт және болашақта зор жетістіктер тілейміз! 

Еліміздің үмітін арқалайтын жастар әрқашан алға ұмтылып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл