| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ресми ұстанымы жарияланады.
Президент ұлттық компаниялар қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру және стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тиімді жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударады.
Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау және мемлекет мүддесін қорғау бағытындағы міндеттерге басымдық беріледі.