Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Бұл – әр азаматтың қасиетті борышы": Тоқаев жастарға үн қатты

21.04.2025
1 мин
0
104
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін ерекше атап өтіп, жастарға маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, волонтер болу – бұл шынайы патриот болудың белгісі. Ол сондай-ақ кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың экологияны жақсартуға белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Президенттің сөзінше, «Таза Қазақстан» жобасы аясында кең ауқымды жұмыстар атқарылып, миллиондаған тонна қалдық жиналып, сан мыңдаған көшет егілген. Осы ретте ол "Бүкілқазақстандық ағаш егу күні" акциясының жақсы дәстүрге айналғанын айтты.

- Соңғы үш күнде ел бойынша шамамен 4,5 миллион көшет отырғызылып, орман қорын толықтырды. Қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызу – жайлы әрі экологиялық орта қалыптастырудың маңызды қадамы. Аула мен көше, саябақ пен алаңды ұқыпты сақтау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтының көрінісі, – деді Президент.

Тоқаевтың пікірінше, табиғатты қорғау мен тазалыққа мән беру – әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына сіңірілуі тиіс құндылық.

- Қоқысты сұрыптау, суды және жарықты үнемдеу, қоғамдық орындарды бүлдірмеу – өте өзекті мәселелер. Мұндай әрекеттер қоғамның күнделікті дағдысына айналуы керек. Экологиялық білім беруге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл “Таза Қазақстан” кампаниясының маңызды бағыттарының бірі. Қазір көп азаматтар қоршаған ортаны қорғауға және оны сақтауға саналы түрде ден қойып келеді. Экологиялық талаптарды ұстана отырып, олар оны өмір салтына айналдырып жатыр. Жаңа ғана көрмеге бардым. Онда экологияға басымдық берген отандық кәсіпорындардың жетістіктері көрсетілген. Оларға алғысымды білдіремін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Елдің экологиялық санасы өзгере бастады. Жастарымыз бұл үдерісті жақсы түсінеді, – деді ол.

Президент жастар ұсынған жобалармен танысып, олардың барлығынан елге және табиғатқа деген жанашырлық байқалатынын атап өтті.

Ол Дана Есенғали мен Камила Қышқашбаеваның жобаларына тоқталып, осы бастамалардан қазақ жастарының жасампаз рухы мен туған елге деген шынайы жанашырлығы көрінетінін айтты. Сонымен қатар ел болашағы – ойы сергек, болашағын айқын елестете алатын белсенді жастардың қолында екенін баса жеткізді.

- Біздің Отанымыз – жалғыз, ол – Қазақстан. Туған жерімізді сырттан келіп ешкім таза ұстап, гүлдендіріп бермейді. Елге қызмет ету, оны таза ұстау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Соңғы жылдары елімізде ауқымды өзгерістер болды. Біз заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам құрып жатырмыз. Жүргізіліп жатқан реформалардың барлығы, ең алдымен, сіздер – жастар үшін қолға алынды. Қазақ жастарының болашағы жарқын, жолы ашық. Мен сіздерге сенемін және үлкен үміт артамын. Патриот, білімді әрі еңбекқор болыңыздар. Сонда Қазақстанымыз да әділетті, таза, қауіпсіз және өркендеген мемлекетке айналады. Баршаңызға сәттілік тілеймін!, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл