486.19
554.26
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша шектеу қойылды
Жаңалықтар

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша шектеу қойылды

23.06.2026
мин
0
73
Сурет: Егемен Қазақстан

Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық паркінде өрт қаупінің артуына байланысты Көкшетау тауына шығуға уақытша шектеу енгізілді. Шешім келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи аумақты қорғау мақсатында қабылданды, — деп хабарлайды Dauletten.kz iKomek қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық паркінде Көкшетау тауына бару уақытша тоқтатылды. Бұл туралы iKomek қызметі хабарлады.

Шектеудің енгізілуіне өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейде сақталуы себеп болған.

Таратылған ресми ақпаратқа сәйкес, бұл шара табиғатты қорғау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

- Сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 маусым күні ұлттық парк аумағында орман өрті тіркелген. Найзағайдан тұтанған өрттің аумағы шамамен 0,001 гектар болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл