| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат бұралқы жануарларға қатысты заң жобасын қолдамай, бірқатар даулы түзетулерге байланысты оны Мәжіліске кері қайтарды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Парламент Сенатында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілген өзгерістер талқыланып, олардың бір бөлігі қабылданған жоқ. Осыған байланысты құжат қайта пысықтау үшін Мәжіліске жолданды.
Сенаторлар заңдағы ең даулы нормалар бойынша өз ұстанымын білдіріп, бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, бұралқы жануарлардың санын реттеу мәселесін жергілікті мәслихаттардың құзыретіне беру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар заңнан «эвтаназия» терминін алып тастау ұсынылды. Бұдан бөлек, жануарларды тек чипсіздер емес, жалпы иесіз жануарлар ретінде анықтау қажеттігі көтерілді.
Депутаттардың пікірінше, мұндай өзгерістер заңның нақты орындалуына және жергілікті деңгейде тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Енді құжат Мәжілісте қайта қаралатын болады.