| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінің қызметкеріне қатысты жағдай кеңінен талқылануда. Threads платформасында жарияланған жазбада аутизмі бар жас қызметкердің анасы ұлының компанияда төрт жыл еңбек еткенін, алайда өңірлік басшылық ауысқаннан кейін оған қысым жасалды деген болжам айтқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Желіде тараған ақпарат қоғамның назарын аударды. Алғашқы түсіндірмелерде қызметкер «бұрынғы жұмысшы» ретінде аталғанымен, кейін компанияның ресми мәлімдемесінде еңбек шарты бұзылмағаны және оның әлі де жұмыс орнында тіркелгені хабарланды.
Кейбір қызметкерлер тарапынан басшылық құрамға шетелден келген мамандар тағайындалып жатқаны және ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа қатысты шағымдар бар екені айтылуда. Алайда бұл ақпаратқа компания әзірге жеке түсініктеме берген жоқ.
Burger King Kazakhstan өкілдері аталған жайт бойынша ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеп, қызметкермен және оның отбасымен ашық диалог жүргізуге дайын екенін жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.