Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Жаңалықтар

БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

23.08.2022
1 мин
1
1201

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа алаяқтық әдісі туралы айтты. Атап айтқанда белгісіз тұлғалар өзін "БЖЗҚ" қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайды.

Қоңырау шалушылардың айтуынша, зейнетақы шоты сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс.

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды, - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Қор мына заң тармақтарын еске салды:

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

Осылайша сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды, - деп жазды БЖЗҚ АҚ.
Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
З
Зарина 23.08.2022
Мына алаяктарды бир шеттетуге болмай ма екен. Ресейлик теле 2 мен билайн операторларын биздин елге конырау шалуга бушаттауга болмай ма екен. Уйткени олар оте улкен компания 5-10 адам отырган жок ол жерде . Менин озим 35 номерлерин блокка койдым али де звандап жатыр. Неге құзырлы органдар бунымен айналыспайды алданып жаткандар каншама
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл