Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәрі-дәрмектің тұрақты қоры үшін 5 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Дәрі-дәрмектің тұрақты қоры үшін 5 миллиард теңге бөлінді

10.07.2020
1 мин
0
1418

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өткізген жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала әкімі Facebook желісіндегі парақшасында дистрибьюторлық компаниялар және дәріханалар желілері басшыларымен кезекті кездесуді жедел жағдайды әрі дәрі-дәрмек препараттарына деген сұранысты қамтамасыз етудің қажетті шараларын талқылау мақсатында өткізгенін жазды.

«Таңертең дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде қойылады. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде ковидке қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде», – деп жазды Сағынтаев.

Қала әкімі қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілетінін еске салды.

Дәріхана желілері мен дистрибьюторлық компаниялар басшылары дәрі-дәрмек жеткізудің реттелгенін айтты. Қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды. Жалпы, бүгінгі күні 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті дәрі-дәрмектер бар.

Қала әкімі дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.

 

«Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 миллиард теңге бөлінді. Бұл дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды», – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі күні қаланың 105 дәріханасында және жеткізушілердің қоймасында әлеуметтік маңызы бар 1,8 миллион дәрі- дәрмектер қаптамалары, оның ішінде 1 млн парацетамол, 377 мың аспирин, 221 мың ибупрофен, 75 мың азитромицин, 27 мың амоксиклав және басқа дәрілер, сонымен қатар, 5 928 термометр бар.

Сұранысты қамтамасыз ету үшін 105 дәріханаға қажетті дәрілерді дереу жеткізу ұйымдастырылды. 1 шілдеден бастап қала дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар 581 мың препараттар, оның ішінде 283 мың парацетамол, 129 мың аспирин, 36 мың ингавирин, 29 мың ибупрофен, 28 мың азитромицин және басқа дәрілер және 30 мың термометр жіберілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл