Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кейде шай демдегенде шәйнектің ішінде ақшыл қабат — қақ пайда болатынын байқаймыз. Бұл көбіне құбыр суының әсерінен болады. Қалың қақ тек құрылғының жұмысын бұзып қана қоймай, оның қыздыру тиімділігін де төмендетеді. Сонымен қатар, ол ағзаға түссе, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлер қақ тұнған шәйнектен су ішудің зияны туралы айтып берді, - деп мәлімдейді Dauletten.kz Doctorpiter басылымына сілтеме жасап.
Терапевт Ксения Кирилина қақ бар шәйнектегі судың таза емес екенін атап өтті.
- Әкті қақ көзге жағымсыз көрінеді, әрі мұндай шәйнектегі қайнаған су таза болып көрінбейді. Су неғұрлым қатты болса, қақ соғұрлым тез түзіледі. Қақ — магний мен кальций тұздарынан тұрады. Суды сүзгіден өткізсеңіз де, оның құрамында бұл тұздардың қалдықтары қалып қояды, – дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, мұндай шәйнектен су ішуге және шай демдеуге болмайды. Себебі бұл келесі жағдайларға алып келуі мүмкін:
- Мұның алдын алуға болады: шәйнек, таба және басқа да ыдыстарды қақтан арылту үшін арнайы тұрмыстық құралдар, лимон қышқылы немесе сірке суын пайдаланып, үнемі тазалап отыру керек. Тазалап болған соң, ыдысты бір рет қайнатып алған жөн, – деп кеңес береді Ксения Кирилина.
Терапевт Иван Носков та қақ бар шәйнектен су ішу денсаулыққа зиян екенін растайды.
- Егер сіз мұндай суды тек бір рет немесе кездейсоқ ішіп қойсаңыз, ағзаға зиян келмейді. Бірақ ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін, – дейді ол.
Қақтың адам ағзасына келтіретін зияндарын дәрігерлер былайша сипаттайды: