Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің ағаттығынан зардап шеккен қазақстандықтар қандай өтемақы ала алатынын айтты.
«Бұл ұсыныс. Заң жобасы әлі қарастырылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сақтандыру компаниялары науқастың қанша қаражат жұмсағанын және қандай шығын болғанын анықтайды», деп атап өтті Ажар Ғиният Мәжіліс отырысында.
Министр сақтандыру жарнасының мөлшері медициналық қызметкердің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып, бейінді бағыттағы сақтандырудың бекітілген тарифтік мөлшерлемелері және жалақы негізінде айқындалатынын атап өтті.
Сақтандырушының сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі «Көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан заңына ұқсас есептелген.
Осылайша, науқастың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін:
Айта кетсек, бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.