Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін «Dauletten» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Білімнің жұлдызы-2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттап, сертификаттарды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бір реттік шәкіртақыны іріктеуден үздік шыққан 200 студент иемденді.
Марапаттау рәсіміне ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі – Қуаныш Асылханұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Dauletten» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы - Дәулет Төлеутайұлы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры - Ғазиза Құдайбергенқызы жеңімпаздарды құттықтап, сөз сөйледі.
«Сіздерге берілген 100 мың теңгелік шәкіртақыны мотивация, трамплин деп қабылдаңыздар. Араларыңызда мықты маман, кәсіпкерлер, Forbes журналына шығатын миллионерлер отыруы мүмкін, сондықтан сіздер де болашақта осындай қайырымдылық жұмыстарын жасайсыздар деген сенімдемін», - деді Дәулет Мұқаев.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы: «Абайдың қара сөзінде «халыққа әсер ету үшін билік пен байлық керек» деген. Бірақ қазір оған білім қосылды. Өйткені білімдіге жол ашық».
Шараға Қазақстанның басқа да өңірлерінен жеңімпаздар Zoom платформасы арқылы тікелей қосылды.
Марапаттау рәсімі барысында, Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің 2 курс студенті Шәкіржанов Темірланның әсерін білу үшін сайт тілшісі сұхбат алған болатын.
- Қазіргі таңда клубтар қауымдастығы деп аталатын 50-60 клубтан тұратын ұйымның төрағасымын. Осы байқауға қатысу арқылы өзіме дәлелдегім келді.
Мектеп кезінен қоғамдық істерге араласыпсыз, өзіңіз не нәрсеге қызығасыз?
- Мектеп кезінде пән олимпиадаларына жиі қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Еріктілікпен айналысамын және интелектуалдық жарыстарда бақ сынасқанды жақсы көремін.
Бұндай қайырымдылық іс-шаралары не үшін ұйымдастырылып тұруы керек деп санайсыз?
- Қабілеті, білім бар жастарды елге таныту керек. Сондай-ақ, түрді идея мен жобаларды іске асыруда материалды қажеттіліктер туындап қалады, соның бәрін өтеу мақсатында көмек болады.
Алдағы мақсатыңыз қандай?
- Жастар саясатын танытқым келеді. Біз білмей жүрген түрлі саладағы талантты жастарды, немесе тың жобаларын іске асырғысы келіп жүргендердің патенциалын ашқым келеді.
Шара соңында қонақтар мен жеңімпаздар естелік суреттеріне түсті.