| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Демалыс күндері 37 градус аяз болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еліміздің көп бөлігінде циклондар мен атмосфералық фронттардың ықпалы сақталып, жауын-шашын түседі деп күтіледі. Солтүстік пен шығыс аймақтарда қар қалың жауса, оңтүстік өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Бұған қоса, желдің жылдамдығы артып, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ қалыптасып, тұман түсуі ықтимал. Циклон ығысқаннан кейін Батыс Сібір жазығы маңынан антициклон батыс аймақтарға қарай жылжиды. Соның салдарынан жауын-шашын бәсеңдеп, ауа температурасы төмендей бастайды.
Түнгі мезгілде батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аяз аралығында, солтүстікте 17–25 градусқа дейін, ал оңтүстікте 0–8 градус аяз шамасында болады.
23 ақпаннан бастап солтүстік-батыс өңірлерде, ал 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда күн күрт суытады деп болжануда. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 25–37 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.