| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда халық санының өсуі жалғасып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындарының жалпы саны 20 миллион 478 мың адамға жеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері халық саны 195 480 адамға артқанын хабарлады. Қазіргі таңда елдегі жалпы халық саны 20 478 879 адамды құрап отыр.
Ел аумағында халық ең көп шоғырланған өңір — Алматы қаласы. Мұнда 2 345 012 адам тұрады. Түркістан облысы 2 148 168 адаммен екінші орында тұр.
Сондай-ақ, Астана қаласының халқы 1 630 640 адамға жетсе, Алматы облысында 1 592 652 тұрғын тіркелген.
Жалпы көрсеткіштер Қазақстанда демографиялық өсімнің сақталып отырғанын аңғартады. Халық санының артуы ірі қалалар мен экономикалық белсенді өңірлерде айқын байқалады.