Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Бақытжан Базарбек: Әкімдіктерді қысқартып, қызметтерді жасанды интеллектке жүктеу қажет
Жаңалықтар

Депутат Бақытжан Базарбек: Әкімдіктерді қысқартып, қызметтерді жасанды интеллектке жүктеу қажет

22.07.2025
1 мин
0
141

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа цифрлық өзгерістер қажет екенін айтты. Ол әкімдіктерді қысқарту және олардың негізгі функцияларын жасанды интеллектке (ЖИ) жүктеу арқылы мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

– 15-20 жылдан кейін әкімдер болмауы керек. Бұл тек лауазым ретінде қалып, басқару функциялары алгоритмдерге негізделуі тиіс. Қазір бізде әкімнің басқармасы, бөлімдер, заңгерлік қызметтер, бухгалтерия сынды ауқымды аппарат жұмыс істейді. Мұның барлығын ЖИ-ге көшіруге болады,  деді депутат журналистке берген сұхбатында.

Оның пікірінше, бұл тәсіл бюджет шығындарын айтарлықтай қысқартуға ықпал етеді.

– Бізге осынша шығындар не үшін қажет? Мемлекеттік қызметкерлердің айлығы, кеңселері, көліктері – бәрі қосымша жүктеме. Ал ЖИ мұндай ресурстарды талап етпейді, – деді ол.

Депутат мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық әрекеттерге баруының бір себебі ретінде тұрмыстық жағдайларды атады.

– Кейбір мемлекеттік қызметшілерге отбасындағы қысым әсер етеді. Әйелі шуба сұрап, шетелге демалуға барғысы келеді. Мұндай жағдайда қызметкер заң бұзуға мәжбүр болады. Нәтижесінде – заңсыз шешімдер, рұқсатсыз құрылыс, Бас жоспар талаптарының бұзылуы. Ал зардап шегетін – халық, – деді Базарбек.

Оның айтуынша, ЖИ мұндай тәуекелдерден толықтай ада.

– ЖИ-дің отбасы жоқ, көңіл-күйі өзгермейді, демалыс сұрамайды. Ол тек алгоритмге бағынады, – деді депутат.

Бақытжан Базарбектің пікірінше, цифрлық реформаны ауыл әкімдіктерінен бастаған жөн.

– Ауыл әкімдіктері цифрландырылуы тиіс. Себебі ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі төмен. Үкімет есептерінде ауылдарға кеңжолақты интернет жетті делінсе де, шындық басқаша. Көп ауылда интернет жоқ, жаңалықтардан бейхабар, – деді ол.

Мысал ретінде депутат кей ауылдарда тұрғындар елде қандай саяси өзгерістер болып жатқанынан мүлдем хабарсыз екенін айтты.

Депутат болашақта қадағалаушы құрылымдарды да ЖИ-ге көшіру қажеттігін жеткізді.

– 2050 жылға дейін барлық бақылау және қадағалау органдарын – салық, жер, санитарлық қызмет, сәулет және құрылыс, тіпті бассейн инспекциясына дейін – ЖИ арқылы басқаруға көшіру қажет. Бұл бюджетке түсетін жүктемені жеңілдетеді, қызмет сапасын арттырады, – деді ол.

Базарбектің айтуынша, алгоритм негізіндегі жүйе тәуекелдерді дер кезінде анықтап, ескерту жолдап, тиімді шешім қабылдай алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл