Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Дәулет Мұқаев жастарға арналған жалдамалы пәтер мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Депутат Дәулет Мұқаев жастарға арналған жалдамалы пәтер мәселесін көтерді

06.09.2023
1 мин
3
1155

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар кезекті сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылы – Жастар жылында жастар қуана қабыл алған, жұмысшы жастарға берілген жалдамалы пәтерлер бүгінде жастардың басты мәселесіне айналып отыр. 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтаған.

«Иә, бұл жастарға өз баспанасын алуға қаржы жинау мақсатында берілген үлкен мүмкіндік еді. Әйтсе де, үкімет бұл бағдарламаны қабылдағанда өзге де факторларды ескеруді назардан тыс қалдырған сыңайлы. 2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да 1 жылдан аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары.

2019 жылы баспана алған жастар әлемдік пандемиямен қатар келіп, 42 500 теңгеге қарап қалғанын ескерсек ақша жинау мүмкіндігі болмады. Бағдарлама ең алғашында 5 жылға берілсе, кейінгі жылдары 3 жылға тағы қысқарды. Бүгінгі таңда елімізде инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір.

Екіншіден, жастар саясаты туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өсті. Сәйкесінше үй алған жастар бүгін де жастар санатынан шықпады. 5 жылда балалы болған жастар қаншама? Шеттей бала-шағамен қайда бармақ? Ал, елде жастарға арналған бірыңғай мемлекеттік баспана бағдарламасы жоқ.

Үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған. Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаға қатыса алмаса қалай баспаналы болмақ.

Төртіншіден, бүгінде елде баспана алуға тиімді бағдарлама жоқтың қасы. Мен бұл мәселені 1 сессияда да көтерген едім. «7-20-25» аты бар заты жоқ бағдарлама, ал Отбасы банк арқылы 50% бастапқы жарна жинау 5 жылда мүмкін де емес! 2019-2020 жылдардан бері нарықтағы үй бағасы 2 есе өскен.

Көп қайда болса, шындық сонда демекші жастардың назына назар аударалық!»,- деді Дәулет Мұқаев.

Мәжіліс депутаты жоғарыды аталған факторларды ескере отырып, жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, нарықтағы «Елорда, Алматы жастары» ипотекалық бағдарламалары секілді пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауын талап етті.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Ж
Жанар 06.09.2023
35 жасқа дейін жалдап сосын сатып алса да жақсы болар еді
Жауап беру
Ә
Әділхан 06.09.2023
Өте дұрыс. Соны күтіп жүрк бірдеме болама екен деп. Жақсы бағдарлама болса қуанатын едік 5 жыл деген көзді-ашып жұмғанша өтіп кететін түрі бар 1 жыл ғана қалды енді қалай қылсақ екен деген сұрақ. 10 % бастапқы жарна 5% берілсе керемет негізі. Бірақ іште тегін бере салсағо деген үмітте бар????
Жауап беру
М
Мадина 06.09.2023
Сатып алуга руксат Берсе жаксы болар еди.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл