Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат: Халықтың мәселесін шешпесем, депутаттықтан кетемін
Жаңалықтар

Депутат: Халықтың мәселесін шешпесем, депутаттықтан кетемін

05.07.2023
1 мин
0
254
Фото: 7-su.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өңірлерге сапары барысында Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғындарымен жүздесті. Ауданға қарасты бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелері өздеріне пайға берілген жер мәселесі жөнінде шағымдарын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айта кетейік, үлеске берілген жерінен айырылған пайшылар әділет іздеп, депутаттан арашаға түсуді сұрап, екі ай бұрын Астанаға келген. Кәсіпорын тараған тұста басшылық жұмысшыларға 653 гектар жер берілетінін айтып, уәде берген. Дегенмен Қарасай ауданындағы мұрағат қандай да бір себептермен өртеніп кетіп, «пайшылардың» құжаттары жойылып, жер алу мүмкіндігінен айырылған.

Ермұрат Бапи тұрғындардың пікірін тыңдап, алдағы уақытта бұл мәселені жіті қадағалап, кінәлілердің жауапқа тартылатынын жеткізді.

Сол кездегі басшылықтағы адамдар «пайшылардың» жерін тартып алып, оны жан-жаққа бөліп, біразын сатып жіберген. «Адамдар сатып алған жерлеріне үй салып тастаған. Сөйтіп, адвокат Ләззат Жапашева үйлерді заңсыз салды деп бейбіт тұрғындардың үйін бұзған. Бүгінде 500 адам 8 сотық жерді беруді талап етіп отыр. Осы мәселені күзге дейін шешіп беремін, не мандатты беремін», – деді Ермұрат Бапи.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл