Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат коучтар мен психологтардың қызметін заңмен реттеуді ұсынды
Жаңалықтар

Депутат коучтар мен психологтардың қызметін заңмен реттеуді ұсынды

06.11.2025
мин
0
288
Сурет: Ғаламтордан алынған

Сенат отырысында депутат Амангелді Есбай психологтар мен коучтардың қызметін заңмен бақылауға алу қажеттігін көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның сөзінше, соңғы уақытта дипломсыз психологтар мен псевдокоучтар көбейіп, қоғамға кері әсер етіп жатыр.

- Өзін психолог деп таныстырып, түрлі курстар өткізіп жүргендер отбасы құндылықтарына қарсы идеяларды насихаттап, халықты шатастырып жүр, – деді сенатор.

Қазір елде психологтар мен коучтардың нақты саны белгісіз, ал олардың табысы ресми есепке алынбайды.

Депутат бұл саланы реттеу үшін бірнеше ұсыныс айтты:

- психологтар мен коучинг қызметі туралы жеке заң қабылдау;

- тек кәсіби біліктілігі бар мамандарға “психолог”, “коуч” атауларын қолдануға рұқсат беру;

- ұлттық реестр құру;

- этиканы бұзған мамандарды жауапқа тартатын психологиялық омбудсмен институтын енгізу.

Есбайдың айтуынша, заңнамалық бақылау болмаған жағдайда бұл сала азаматтардың психикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл