Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат тозығы жеткен жылу желілерін дереу жаңғырту керек екенін айтты
Жаңалықтар

Депутат тозығы жеткен жылу желілерін дереу жаңғырту керек екенін айтты

21.06.2023
3 мин
0
299

Парламент отырысының жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов Үкімет қажетті қаржылық ресурстар көлемін есепке алып, тозу деңгейіне жеткен жылу желілерін жаңғыртудың кешенді жоспарын әзірлеуі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жылу желілерінің ескіріп, тозығы жеткенінің арты қайғылы жағдайға ұласып жатыр. Оған Екібастұз, Риддер, Петропавл, Степногорск қалаларындағы апаттар дәлел бола алады. Алда келе жатқан қыста апаттың қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.

«Жалпы, Қазақстанда техникалық жылу-электр орталықтары 40-50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатыр. Елімізде электр желілерінің 66%-і және ұзындығы 14 мың шақырым болатын жылу желілерінің 54%-і тозған. Оның ішінде 2 мың шақырым жеке меншіктегі желілердің 77%-і ескірген. Ал Екібастұз, Арқалық, Риддер, Шемонаиха сияқты қалаларда желілердің толық тозығы жеткен.

Соның салдарынан жыл сайын апат қайталанып тұрады. Бұл халыққа ауыр тиіп жатыр. Оған қоса, жылумен жабдықтау жүйесінде 40%-ке дейінгі жылу ысырап болуда. Соңғы үш жылда жылу ысырабы 3,6 млн Г/кал-ге жеткен. Мемлекетке 14,4 млрд теңге шығын келді деген сөз. Яғни, бұл «далаға кеткен» қаражат», – деді ол.

фото: inbusiness.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл