Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Үкіметтен отандық тауар өндірушілерді қолдауды талап етті
Жаңалықтар

Депутат Үкіметтен отандық тауар өндірушілерді қолдауды талап етті

03.12.2025
мин
0
145
Сурет: Ertenmedia

Отандық өнімді қолдау мәселесін көтерген депутат Бапи қазақтардың бұрынғы тәжірибесін мысал етіп, сырттан май әкелудің ұят екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бапи отандық өнімді қолдаудың өзекті мәселесін көтеріп, бұрынғы қазақтар тоңазытқышсыз өз майын қарынға салып өндіргенін, ал қазір үкімет әлі күнге дейін сырттан сары май импорттап отырғанын сынға алды. «Бұл – сорақылық», – деді депутат.

Депутат өңірлерді аралау кезінде отандық өнімді қолдау мәселесі жиі көтерілетін күрделі тақырып екенін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттың сұрағына жауап беріп, отандық өнімді қолдау бойынша жұмыстар туралы мәлімдеді:

- Бұл мәселені бір сөзбен шешу мүмкін емес, экономикалық күрделі жағдай. Егер отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болса, оларды қолдау жоспарланып отыр. Субсидиялар беріледі, тиісті портал арқылы өндірушілерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Бозымбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл