| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің кәсіби міндеттерін қорғау үшін заң жобасын ұсынды. Ол ұстаздарға жүктемені асыра пайдаланғандарға нақты айыппұл қарастырылуы керек деп есептейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жұмыс уақыты мен жауапкершілік шегін нақтылау қажеттігін айтты. Оның пікірінше, мұғалімдер демалыс, каникул және түнгі уақытта оқушыларға жауап бермеуге тиіс.
- Демалыста және түнгі уақытта мұғалімдеріміз балаларға жауап бермеуге тиіс. Өйткені ата-аналар бар, керек болса, полиция бар. Біздің заң жобасындағы басты ойымыз – осы, – деді депутат.
Аймағамбетов кей өңірлерде оқушылардың құқықбұзушылығы үшін мұғалімдер жұмыстан шығарылған жағдайлар болғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл педагогтің қызметтік міндетіне жатпайтын жауапкершілікті жүктеу болып табылады.
Сонымен қатар депутат ұстаздарды өз құзыретіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселесіне тоқталды. Қазіргі заңнамада мұндай жағдайда тек ескерту қарастырылған.
- Ұстаздардан қажет етілмейтін есептерді сұраса, өз құзыретінде жатпайтын жұмысқа тартса, сенбілікке міндеттесе – айыппұл қарастырылмаған, тек ескерту бар. Біздің ұсынысымыз бойынша нақты айыппұл болуға тиіс, – деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасы педагог мәртебесін қорғауға және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ жүктемені азайтуға бағытталған.