| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте өткен Digital Qazaqstan 2026 форумында жасанды интеллект (ЖИ) трансплантология саласындағы медициналық көмектің сапасын жақсартудағы мүмкіндіктері талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Форум қатысушылары медициналық ЖИ саласындағы соңғы әзірлемелер мен стартап жобаларын таныстырды.
CortexAI жобасының негізін қалаушы Асылжан Абдуллаев стартап ретроспективті деректерді пайдаланып адамның 34 негізгі денсаулық параметрін талдай алатынын атап өтті. Жүйе ағзалардың үйлесімділігін автоматты түрде бағалайды және трансплантацияланатын ағзаның жағдайын алдын ала болжайды. Бұл дәрігерлерге емдеу әдістерін уақытында түзетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта технология Қазақстанның төрт жетекші клиникасында сынақтан өтіп жатыр.
- Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Биыл ЖИ саласындағы стартаптар үшін ең тиімді жыл болады. Алдағы жылдары Қазақстан инновациялар мен жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі боларына сенімдіміз, — деді Асылжан Абдуллаев.