| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Димаш Құдайбергеннің сұхбаты CNN эфирінде бүкіл әлемге тарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемнің беделді медиа платформаларының бірі – CNN телеарнасының What We Know with Max Foster бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.
Бағдарлама жүргізушісі Макс Фостер оны:
- Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде тыңдарманы бар, алты октавалық диапазонда 16 тілде ән орындайтын ерекше дауысты қазақ әншісі – деп таныстырды.
Сұхбат барысында Димаш өз шығармашылығы, музыкалық білімі және сирек кездесетін дауыс диапазоны туралы әңгімеледі.
- Мен әнші болуды ешқашан материалдық пайда үшін таңдаған жоқпын. Музыка – өмірімнің мәні. Ең басты мақсатым – халқымның мәдениетін әлемге паш ету, – деді ол.
Эфир соңында Димаш жанкүйерлерін 12 қарашада Лондонда өтетін OVO Wembley Arena сахнасындағы жеке концертіне шақырды.
