| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа жыл қарсаңында кеңінен танымал «Құпия Санта» ойынына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Басқарма өкілдері бұл ойын дәстүрімізге жат екенін атап өтіп, оның орнына ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам дінінің қағидаттарын дәріптеудің маңызды екенін айтты.
- Біздің дінімізде де, ұлттық дәстүрімізде де “Құпия Санта” ұғымы жоқ. Сондықтан бөгде мәдени элементтерді қабылдағаннан гөрі, адам жүректерін жақындастыратын ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам дінінің асыл қағидаттарын дәріптеу әлдеқайда орынды, – делінген басқарманың ресми хабарламасында.
Мерекелерде, соның ішінде жаңа жыл мен 8 Наурызда, «Құпия Санта» ойыны әріптестер мен туыстар арасында сыйлық алмасу дәстүрі ретінде жиі ойналады.
Дегенмен, діни басқарма бұл ойынның дәстүрімізге жат екенін ескертіп, ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам қағидаттарын басшылыққа алуды ұсынады.