Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дінтанушы Алматыдағы ашылуға дайын тұрған крематорийге өз наразылығын білдірді
Жаңалықтар

Дінтанушы Алматыдағы ашылуға дайын тұрған крематорийге өз наразылығын білдірді

16.01.2026
мин
1
208
Сурет: muftyat.kz

Белгілі дінтанушы Мұхитдин Исаұлы Алматыдағы жаңа крематорийдің ашылуына өз наразылығын білдіріп, адам денесін өрттеуге діндік тұрғыдан тыйым салынғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматы қаласында ашылуға дайын тұрған крематорий қоғамда қызу пікір туғызып отыр. Дінтанушы Мұхитдин Исаұлы өлімнен кейін адамның денесін өрттеу әрекетін дінге қайшы деп бағалады.

- Өлген адамның сүйегін сындыру тірідей зақымдау сияқты. Қайтыс болған адамның денесі дірілдегенін сезеді. Біз адал, ізгі қоғам деп айтамыз, бірақ мұндай әрекет оған сай емес, – дейді ол.

Мұхитдин Исаұлы сондай-ақ, бұрынғы мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев та Алматыда крематорий салуға қарсы болғанын еске салды. Дінтанушы мұндай бастамалар қоғамға зауал әкелуі мүмкін деп есептейді.

Қала билігі крематорийдің жақын арада жұмысын бастайтынын хабарлаған. Ал Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв 2021 жылдан бері салынған бұл объект әлі іске қосылмағанын айтты. Оның пікірінше, мәселе Алматыдағы зираттардың тапшылығымен байланысты: 70 зираттың 61-і жабық, жаңа жерлеу орындары аз.

Крематорийдің ашылуына қатысты пікірлер әртүрлі: біреу оны қажеттілік деп санаса, дінтанушылар мен қоғамның бір бөлігі мұны рухани тұрғыдан сынға алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
К
Карла 16.01.2026
Құжаттар қымбат
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл